03 ақп, 2024 сағат 14:23

Қарағандыда ҰҚК операциясы: есірткі зертханасы жойылды


Фото: tengrinews.kz

Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қарағандыда жалға алынған жеке үйдегі синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Tengrinews.kzке сілтеме жасап.

Биыл 24-25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындауға күдікті екі ер адамды ұстады.

Тінту барысында 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 келі астам психотроптық заттар, сондай-ақ, оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.

Зертхана жақын арада құрылған, ал ҰҚКД өткізген операция күдікті адамдардың есірткінің ауқымды өндірісін және сатылымын ашу әрекетінің алдын алды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.