14 қаз, 2022 сағат 11:05

Қарағандыда сатушы қызды ұрған әйелдің үстінен іс қозғалды


Қарағанды ​​полицейлері дүкенде 18 жастағы кассир қызды бір соққымен еденге құлатқан 48 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Ануар" сауда үйінде сатып алушы мен кассирдің арасында болған жанжал бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары барысында екі жақтың да дәйектері тексерілетін болады", - делінген хабарламада.

Бұл бап бойынша әйелге 2000 АЕК-ке дейін, яғни 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынады немесе ол 600 сағатқа дейін түзеу жұмыстарына тартылады, я бас бостандығынан айырылады.