Көрнекі фото: Polisia.kz
Қарағандыда ПБ бастығының орынбасары 170 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Қарағанды облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттері барысында 170 мың теңге пара алды деген күдікпен Қарағанды қалалық ПБ-ға қарасты Киров ПБ бастығының орынбасары ұсталды.
Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды" - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жалғастырады.