03 сәу, 2022 сағат 01:36

Қарағандыда кенші қаза тапты


Бүгін Қарағандыдағы шахтада 36 жастағы кенші қаза тапты. Оқиға себебін арнайы комиссия анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Костенко атындағы шахтада ұңғыма төбесі құлаған. Оқиға салдарынан мердігер ұйымның 36 жастағы тау-кен жұмысшысы қаза тапты. 

«Бүгін Костенко шахтасында жазатайым жағдай салдарынан УСМ мердігер ұйымының қызметкері (1986 жылы туған) көз жұмды. Мемлекеттік комиссия құрылды, оқиға тергелуде», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінде.

Еске салайық, биылғы 24 наурызда Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында 57 жастағы кенші қаза болған еді. Кен орны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі.