Қарағандыда қарақшылар қаладағы шағын несие ұйымдарының бірінің кассиріне шабуыл жасап, үстіне бензин құйып, жағамыз деп қорқытқан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
9 ақпанда сағат 16.00-де Қарағандыда микронесиелік ұйымдардың бірінің үй-жайында белгісіз екі адам 28 жастағы әйел кассирге бензин құйып жіберген. Қарақшылар 120 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденген.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция департаменті аппаратының ең тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.