29 мау, 2023 сағат 19:28

Қарағандыда ер адам көлікпен ағашқа соғылып, тірідей жанып кетті

Фото: Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қарағандыда 41 жастағы ер адам көлігімен ағашқа соғылып, тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Жантүршігерлік жол апаты қаладағы Вагонная көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам көлікті басқара алмай, ағашқа соғылған. Артынша Mercedes-Benz 124 автокөлігі жанып кеткен.

Бұл жайтқа қатысты Қарағанды облысының ТЖД өкілдері пікір білдірді. 

"Жол апаты салдарынан 1982 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өрт 18.08-де сөнідірілді", - деді ведомство өкілдері. 

Ресми деректер бойынша, жол апатына қатысты сараптама тағайындалған. 

"Факт полицияда тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.