24 қаз, 2019 сағат 07:26

Қарағандыда бүлдіршін 5 ине жұтып қойған

Қарағандыда бір жарым жасар қыз инемен емдеуде қолданылатын 5 инені жұтып қойған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Ата-анасы шашылған заттарды көріп, баланың жайсыз сезінгенін байқаған. Дәрігерлер жедел ота жасады. Хирургтер үш инені асқазанынан, екеуін – аш ішектен тапқан. Ота сәтті өтіп, кішкентай науқас ауруханадан үйіне шығарылды.

Биыл дәрігерлер кәмелеттік жасқа толмаған балалардың асқазанынан 50 рет тиын, шеге, жүзік, батарейка мен түймелер алған. Дәрігерлер осы жылы бала асқазанынан екінші рет ине алып отыр. Бұған дейін хирургтар 14 жастағы қызға ота жасаған. Ол да абайсызда ине жұтып қойған.