28 қыр, 2023 сағат 14:58

Қарағандыда барлық нысан электр қуатына қосылды – әкімдік

© Photo: Рixabay/Comfreak

Қарағандыда электр станцияларының жұмысы қалпына келтірілді, барлық нысан электр қуатына қосылды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

"Қарағанды-Энергоцентр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ЖЭО-3-тегі 220 кВ ашық тарату құрылғысында қысқа тұйықталу және Қарағанды ЖЭО-3 пен Топар ГРЭС-ті байланыстыратын 110 кВ электр беру желілерінің одан әрі шамадан тыс жүктелуі салдарынан аталған электр станцияларында генерация толық төмендеген. Өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты Қарағанды ​​қаласы мен Қарағанды ​​облысының өнеркәсіптік тұтынушылары үшін шамамен 350 МВт шектеулер енгізілді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Бұған дейін Қарағанды жылу орталығында ірі апат болып, қала жарықсыз қалғаны хабарланған болатын. ЖЭО-3-те технологиялық ақау анықталып, салдарынан 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөндірілген.