01 мау, 2022 сағат 23:44

Қарағандыда балалар темір жолы іске қосылды


Бірінші маусымда Қарағандыда жаңартылған балалар темір жолы іске қосылды. Таңертеңгі сағат 11-де 9 ¾ платформасынан қарағандылық «Хогвартс-экспресс» алғашқы рейсі аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Балалар мен ересектер келесі бағытты күтуге жиналды. Поттериананың жанкүйерлері үкі арбасының жанында суретке түсті. 

Балалар темір жолын қайта қалыпқа келтіріп, келбетін өзгертуге жарты жылдай уақыт жұмсалды.

«Жұмыс қараша айында басталды. Біріншіден, олар локомотивтен көптеген жылдар бойы бірнеше қабат болып кеткен ескі бояуды қыра бастады. Зауыттан шыққан металына дейін толығымен тазаланды. Әрине, қиындықтар аз болған жоқ. Мәселен жаңа қозғалтқышты табу қиындыққа соқты. Бұл ретте бір таңғажайып болды деп айтуға болады. Петропавлда Т-72 танкінен жаңа қозғалтқыш табылды. Ол біздің пойызға жарайды. Қарағандылықтардың балалар темір жолына және көптеген ұрпаққа танымал поттерианға деген сүйіспеншілігін біріктіру идеясы ойға келді. Бұл ескі мұраны жаңа түрде сақтауды білдіреді», - деді Қарағанды қаласының Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы басшысының орынбасары Роман Калачев.

Балалар темір жолын жаңарту жобасында машинист бастығы Виктор Луценконың басшылығымен БТЖ қызметкерлері еңбек етиі. Саябақтар басқармасының суретшісі Марина Зворыгина безендіруге өзінің қиялын қосқан.

Теміржолда шамамен 100 шпал жаңартылды. Станцияның қасбеті де өзгерді. Перрон асфальтталған. 

Тосынсыйлар әлі аяқталған жоқ. Жақында Хагридтің лашығы салынып аяқталады. Тағы бірнеше жаңа фото аймақ пайда болады. «Хогвартс-экспресс» зообақ станциясында тоқтайды. 

Бірнеше жылдардан кейін балаларды теміржол мамандығына оқыту қайта басталды.