21 шіл, 2022 сағат 14:49

Қарағандыда асфальт опырылды


Қарағандыда кәрізге жақын жерде асфальт опырылып қалды. Оқыс оқиға болған жер уақытша жабылды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Асфальт 21 шілдеге қараған түні Майлин мен Өркен көшелерінің қиылысында опырылған. Сол жерде тереңдігі үш метр, ені екі метр шұңқыр пайда болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Қарағанды ​​Су" ЖШС мәліметінше, апат болған жерге жедел топ аттанған.

"Шілденің 21-іне қараған түні Майлин көшесіндегі "Қарағанды ​​Су" ЖШС-нің кәріз коллекторында асфальт опырылып, төтенше жағдай болды. Оқиға орнына дереу бригада барды, олар қоршаулар мен белгілер қойып, кезекшілікте болды", - деп хабарлады "Қарағанды ​​Су" ЖШС.

Бүгін таңертең коммуналдық қызмет бригадасы ақауды жою үшін кәріз жүйесіндегі апаттық жұмыстарды бастады. Алдағы уақытта асфальт төсеніштері қалпына келтіріледі, деп уәде берді компания.