Қарағандыда анасы мен кішкентай қызы орман маңынан өлі табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 24 қыркүйекте күндіз Қарағанды іргесіндегі Ақтас ауылы маңындағы орманнан екі адамның шіріген денесі табылған.
"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 2 және 3-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" және "Дәрменсіз күйде екені белгілі адамды өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді облыстың ПД баспасөз қызметі.