Көрнекі сурет: pixabay.com
Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Сәуірдің аяғында полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адамның денесін өз пәтерінен тапқан. Оның жанында анасы болған.
"50 жастағы ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылды. Ер адам жанында оның 85 жастағы анасы болды. Анасы мен баласы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.