Қарағандыда 14 жасар қызға шабуыл жасаған 30 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Зардап шеккен қыз мектепке бара жатқанында белгісіз адам артқы жағынан келіп, шабуыл жасағанын айтқан. Ол оқушыны ұрып жасырынып қалған.
"Қарағанды қалалық ІІБ-ның орталық оқу мекемесіне орта мектептердің бірінің маңында белгісіз біреудің 14 жастағы оқушыға шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Орталық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы оқиға орнына жеткен. Жеке жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті Теміртау қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.