Қарағанды облысында қылмыстық топ 17 жалған компанияны пайдаланып, 15 миллиардтан астам теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ҚР ҚМ Қаржы мониорингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «STOP-ОБНАЛ» жедел алдын-алу шарасын өткізу нәтижесінде жұмыстарды нақты орындамай және тауарларды жеткізбей жалған шот-фактураларды заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Тергеу амалдары барысында қылмыстық топтың әрекетіне қатысты 5 тұлға анықталды. 19 мекенжай бойынша жүргізілген тінту шаралары нәтижесінде жүйелік блоктар және «1С Бухгалтерия» бағдарламасы бар қатқыл дискілер, 17 заңды тұлғаның ЭЦҚ-кілттері, «көлеңкелі» бухгалтерия, 20 мөр, ұялы телефондар тәркіленді», - делінген хабарламада.
Қылмыстық топтың мүшелері кедергісіз екінші деңгейлі банктерден 150 млн теңге және одан аса сома көлемінде қаражатты өзіне бағынышты фирмалардың есебінен алып отырды.
17 жалған бір күндік компанияның қылмыстық әрекетінің жалпы айналымы 15 млрд теңгеден астам соманы құрады. Нәтижесінде, мемлекетке салық төлемеуден келген залал 3 млрд теңгеден астам сомаға тең.
Айта кетсек, қылмыстық әрекер үшін сегіз жылдан он үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.