Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағандыда 16 қабатты үйде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 қаңтар күні сағат 21:29-да Қарағанды қаласындағы Республика даңғылы, 18/2 бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
"16 қабатты 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта өрт шықты. 1979 жылы туған ер адам жанып жатқан пәтерден құлап, медициналық мекемеге жатқызылды.
Тексеру кезінде үш адамның (екі ер адам мен бір әйел адам болуы мүмкін) мәйіті табылды. ТЖД күштерімен 48 адам (оның ішінде 9 бала) кіреберістегі пәтерлерден құтқару қалпақтарының көмегімен шығарылды және 82 адам (оның ішінде 21 бала) эвакуацияланды. Өрт сағат 22:55-те оқшауланды. Оқиға орнына ТЖМ-ның 88 қызметкері мен 23 бірлік техникасы жұмылдырылды" - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, газ жарылысы расталмады. Оқиға орнында газ құрылғылары табылмаған. Ешқандай қираулар немесе құрылымдық бұзылулар жоқ. Жылу жүйелері де бұзылмаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД 3 вахтовкасы жұмылдырылған. Эвакуацияланған адамдар туыстарына және қаладағы қонақүйлерге орналастырылады. Оқиға орнында психологтар жұмыс істеп жатыр.
Тұрғындарды пәтерге қайтару мәселесі де шешілуде.