"Оқиға Степной-4 ықшамауданындағы №5 мектеп маңында болды. Үйге келе жатқанымызда кенеттен қарғыбауы, тұмылдырығы жоқ үлкен ит атып шықты. Ол бірден сіңіліме жабысып, оның қолын, аяғын, ішін тістеп, жарақаттады. Куәгерлер айғайға жүгіріп келіп, оны таяқпен ұрып-соғып, бұрыш спрейін шаша бастады, содан кейін ит сіңлімді жіберді. Жолдан көлік тоқтатып, жеткізіп тастауын сұрадық, 400 метрдей жерде тұрамыз. Жедел жәрдем, полиция шақырдық, олар ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетті", - делінген жазбада.
Сондай-ақ, автор ит шабуылынан өздері ғана зардап шекпегенін айтты. Оның айтуынша, ит 20 жас шамасындағы жігіттерге де шабуыл жасаған.
"Олар ауруханаға біз болған кезде келді. Ит көлікке секіріп, әйнегін сындырған. Шамасы, иттің иесі айғайды естіп, қашып кеткен. Біз оны да, итті де тапқымыз келеді. Ол тағы да шабуыл жасауы мүмкін. Бұл жазасыз қалмауы керек", - деп қосты жазба авторы.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, осыған дейін ауданда ит тістегені туралы шағымдар болмаған.
"20 шілдеде сағат 00.10 шамасында Степной-4 ықшамауданы 15/2 үй маңында ит қаланың кәмелетке толмаған тұрғынын тістеп алған. Салдарынан кәмелетке толмаған бала медициналық көмекке жүгінген. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Жануардың иесін жауапқа тарту үшін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.