Фото: baq.kz
Қарағанды және Павлодар облыстарындағы жолдар көліктің барлық түрі үшін жабық, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "ҚазАвтоЖол" ҰК-ға сілтеме жасап.
"Қарағанды облысында боран мен жолдың дұрыс көрінбеуінен "Қызылорда-Павлодар" тасжолының Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық.
Павлодар өңірінде "Қызылорда-Павлодар" тасжолының Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы жабық", - делінген хабарламада.