24 қаң, 2019 сағат 11:23

Қарағанды облысында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы іске қосылды

Қарағанды облысы «жасыл» технологияларға көшу бойынша ауқымды жұмыстарды бастады.

Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі деп танылған күн электр станциясы жұмыс істей бастады. 164 гектар ауданда 307 мың вольтаикалық панельдер орналастырылған. Олар күн энергиясын электр қуатына түрлендіреді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

«Елбасы біздің алдымызға 2030-шы жылға дейін балама энергия үлесін 30% дейін ұлғайту туралы міндет қойған еді. Енді міне бүгінгі таңда сол мақсатқа жету үшін үлкен қадам жасап отырмыз. Бүгін іске қосылып отырған күн электр станциясы 100 мегаватт өндіреді. Сіздер оның қуаттылығын түсіну үшін бұл энергия Саран секілді 10 қаланы қуатпен қамтуға жететінін айтқым келеді. Облыста жалпы қуаттылығы 90 мегаватт болатын тағы осындай 2 күн электр станциясы салынып жатыр», деді Ерлан Қошанов.


Сарандағы электр станциясында орнатылған панельдер металл қоршауы жоқ күн батареясының соңғы буыны. Осының арқасында олардың үстіне қар жиналмайды, ал жаңбыр оларға еш зиян келтірместен жерге ағып кетеді.

Айта кету керек, бұлтты күндердің өзінде панельдер 10-15 мегаватт қуат өндіреді. Панельдерді пайдалану мерзімі 40 жыл.

КЭС ол толықтай жекеменшік жоба. Инвесторлар ретінде еуропалық компаниялар тобы шығып отыр. Олар жобаға 137 млн. АҚШ долларын салған. Панельдердің анағұрлым тиімді жұмыс істеуі үшін Саранда арнайы түрде жаңа қосалқы станция салынды және барлық электр желілері қалыпқа келтірілді.

Станцияның іске қосылу салтанатына қатысқан ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев инвесторларды тек күн энергиясын шығару өндірісіне ғана тоқталып қоймай, сонымен бірге жел электр станциясын салуға шақырды.


Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов атап өткендей, өңірімізде 1 трлн теңгеге 33 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. 17 жоба шетелдік инвестициялардың қатысуымен, және де олардың кейбірі Қазақстанмен серіктесіп қызмет етуді жалғастырғысы келетіндерін атап өткен. Осылайша, мысалы, станцияны ашқан күні Еуроодақ инвесторлары Қарағанды облысы әкімдігімен меморандумға қол қойды. Бизнесмендер алдағы жылдары балама энергия көздерін дамытуға 500 млн. АҚШ долларын инвестициялауға дайын екендерін жеткізді.

«Бұл қаражатқа біз «жасыл» энергетика саласында тағы 3-4 ірі нысандарды салуды жоспарлап отырмыз. Біз еуропалық әріптестерімізге бірқатар жобалар ұсындық, және жергілікті билікпен жемісті еңбек ететінімізге сенімдіміз, себебі мұнда инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған», - дейді «Sonnenergie» АҚ инвесторлар тобының өкілі Ян Зонненшайн.

Жаңа кәсіпорындарды іске қосу, инвесторлардың айтуынша, Қарағанды облысында жүздеген жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.