27 қаз, 2023 сағат 10:45

Қарағанды ​​облысында күйдіргі жұқтырған ер адам қайтыс болды

Фото: amur.info

Қарағанды ​​облысында күйдіргі жұқтырған науқастардың бірі, 1948 жылы туған ер адам бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқаннан кейін қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

"Өлімге күйдіргі ауруының ауыр кезеңіне тап келуі және қатар жүретін аурулардың асқынуы себеп болды. Сонымен қатар медициналық көмекке кеш жүгінгені әсер етті", - делінген ведомство хабарламасында.

Ауру жұқтырған қалған екі науқастың жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің тұрақты бақылауында.