- 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені жайлы хабар келді. Бұл туралы нақты ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар эвакуацияланды.
Қазіргі сәтте 4 адам құтқарылды, оның 2-еуі - балалар.
Мәліметтер бойынша, үйіндінің астында қалып қойған тұрғындар бар. 2 адамның мәйіті табылды. Олар - үйдің бір бөлігі құлаған кезде қаза тапқан.
Қазір құтқарушылар үйіндіні аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 70 адам мен 16 техника жұмылдырылды.