Қарағанды облысы Шет ауданының 7 елді мекенінде 4-тен 6 мм-ге дейін қар жауды. Синоптиктердің айтуынша, бұл ауа-райы құбылысы осыған дейін болжанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарағанды облысының көптеген өңірлерінде температураның төмендеуі, Ақтоғай ауданының оңтүстігінде жауын-шашын болатыны болжанды. Антициклондардың ықпалымен жауын жауып, арты қарға ұласты.
«Бұл антициклон бізге солтүстік-батыстан келді. Жауын-шашын оңтүстіктен циклон түрінде келді. Жылы және суық ауаның араласуы кезінде контраст пайда болып, қар жауды», - деп түсіндірді «Қазгидромет» метеорологиялық болжау бөлімінің бастығы Анастасия Грязнова.
Синоптиктердің айтуынша, 28 сәуірге дейін облыстың солтүстігінде түнде ауа температурасы төмен болады.
«Қазіргі уақытта ауданның оңтүстік-шығысында қар жауып жатыр. Дәл осы уақытта Ақадыр, Ақшатау, Ақжал, Мойынты, Киікті, Босаға, Ортау кенттерінде ақ ұлпа жауып тұр. Аудан бойынша жағдай тұрақты», - деді Шет ауданы әкімі аппаратының бас маманы Олжас Төлеубаев.