Бүгін Қарағанды облысында коронавирус жұқтырудың жаңадан үш оқиғасы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Пациенттердің үшеуі де - әйел. Олар карантиндік госпитальға уақытылы орналастырылған. Сыртқы ортамен байланыспаған.
Осылайша, бүгінгі күні Қарағанды облысында коронавирустың 7 расталған жағдайы тіркелді.
Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.