Фото: Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мейрам Қожухов Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, әкім лауазымына кандидатурасын ұсынды. Депутаттар оны қолдады.
"Мейрам Мұратұлы көп жылдар бойы Қарағандыда жұмыс істеді. Барлық мәселемен таныс. Ең бастысы, қала тұрғындары оны жақсы біледі. Жинақталған тәжірибе мен білім оған қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзінің әлеуетін іске асыруға көмектеседі деп сенемін. Сіздің басымдығыңыз қарағандылықтардың өміріне қолайлы жағдай жасау болуы тиіс", - деді аймақ басшысы.
Ермағанбет Бөлекпаев жаңа әкімнің алдына облыс орталығын, инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру және жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету міндеттерін қойды.
Фото: Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мейрам Кожухов 1972 жылы 7 қарашада дүниеге келген.
Еңбек жолын 1992 жылы "М. К-Люкс" ЖШС атқарушы директоры қызметінен бастады.
2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
2001 жылдан 2005 жылға дейін Саран қаласының мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2005 жылдан 2010 жылға дейін Ақтас кентінің әкімі.
2010 жылдан 2018 жылға дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары.
2018 жылдан 2022 жылға дейін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімі лауазымында болған.
2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.