03 сәу, 2022 сағат 20:43

Қарағанды 9 жасар бала арыққа батып көз жұмды


Қарағандыда қар, жауын суы жиналатын арыққа 9 жасар бала батып, қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға Серов көшесіндегі тұрғын үйдің жанында болған.

"Шақыртуға келген құтқарушылар бір сағат өткен соң 9 жасар баланың денесін су ағатын арықтан алып шықты", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала арыққа ойнап жүріп, түсіп кеткен.

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ана-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және барынша сақ болуды ескертеді.