Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қапшағайдағы Заречный ауылы көгілдір отынға қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қапшағай аймағының газ жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мир, Абай, Дзержинский, Жамбыл көшелерін көгілдір отынға қосты.
Салтанатты шараға Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қожахметов, «Қапшағай аймағының газ жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ілияс Сүгіров, Заречный ауылдық округінің әкімі Берік Дүйсенбаев, Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық төрағасы Ғабдеш Қазбеков және ауыл тұрғындары қатысып, өздерінің ақжарма тілектерін білдірді.
Алғашқы газ құбыры арқылы көгілдір отын жіберуге байланысты алауды ауыл ақсақалы Балтабай Жұмаділов жақты.
Айта кетейік, Алматы облысының 2030 жылға дейінгі даму жоспары дайындалған. Аясында Қапшағай өңірін газбен қамтамасыз ету мақсатында «Байсерке-Қапшағай» жобасы 2017 жылы дайындалып, нәтижесінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.