ҚР Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Қаныбек Жұмашев тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қаныбек Бекболатұлы 1970 жылы Маңғыстау облысының Жетібай ауылында туған. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 1992 жылы «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамында инженер-химик қызметінен бастады.
1997-2010 жылдары білім саласында басшы лауазымдарда қызмет атқарды және Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі болды.
2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.
2012-2014 жылдары «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014-2015 жылдары «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, кейін «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2015 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының Хатшысы қызметін атқарып келді.