17 қаң, 2020 сағат 09:45

Қаңтарда 95 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

16-20 қаңтар аралығында ел жастары ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр,– деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі Telegram парақшасында.

Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің барлық аймағындағы 99 тест тапсыру орнында өткізілуде.

«ҰБТ-ға қатысу үшін құжат қабылдау 2019 жылғы 1-15 желтоқсанда бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 2020 жылғы 16-20 қаңтар аралығында ҰБТ-ға қатысуға 95 мыңнан астам адам өтініш берді» делінген хабарламада.