22 ақп, 2022 сағат 14:02

Қаңтар трагедиясы: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтар ең көп қамауда отырған қалаларды атады


Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтар оқиғасына байланысты азаматтар ең көп қамауда отырған қалаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір ұсталған азаматтардың басым көпшілігінің қорғаушылары бар. Мен атаған қадамдардың бәрі қажетті. Өйткені қудалау туралы байбалам мәліметтер мен қорқыныш әлі сақталып отыр. Ұлттық алдын алу механизмінің өңірлік топтары 118 рет қамау орындарына барған», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл. 

Оның мәліметі бойынша, мониторинг елдегі бүкіл тергеу және уақытша ұстау изоляторларында, қабылдау-тарату ғимараттарында жүргізілген. 

«Құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетовамен қатар біз азаматтар ең көп қамауда отырған мекемелерге барып жүрміз. Бұл – Алматы, Талдықорған. Шымкент, тараз, Қызылорда, Өскемен, Атырау және Семей қаласындағы уақытша ұстау изоляторы», - деді Эльвира Әзімова.