14 нау, 2022 сағат 15:16

Қаңтар оқиғасында арандатушылар халықты пайдаланды - адвокат


Арандатушылар қоғам өкілдері мен халықты пайдаланды. Бұл туралы белгілі адвокат Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаңтар айының алғашқы күндерінде осындай әрекеттер - жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар тарапынан анық көрініс тапты, өкініштісі сол - осы мақсатта олар қарапайым қоғам өкілдерін, халықты пайдаланғаны», - деді Абзал Құспан Мәжілістің жалпы отырысында. 

Бұдан бөлек ол алдағы уақытта жергілікті прокуратура органдары өз қызметтеріндегі мынадай кемшіліктерге назар аударуын сұрады: 

- бір ел, бір қылмыстық және қылмыстық процестік кодекс бола тұра, әр өңірдегі тәжірибенің әртүрлілігі; 

- жергілікті жердегі құқық қорғау органдарының басшылығы жағдайдың қоғамдық, әлеуметтік, саяси маңызын түсіне бермейді; 

- қоғам өкілдерімен, азаматтармен жұмыс басынан бастап дұрыс жолға қойылмаған; 

- әлеуметтік желінің қазақ тілді сегментіне мониторинг жасамайды. 

«Қылмыстық-процестік кодекстегі тергеу құпиясын алдыға тартып, негізгі жауапкершілікті сот органдарына жүктеп, өздерінен ысыра салғысы келетіндей сыңай байқалады», - деді А. Құспан.