Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздікте Шымкент әкімдігіне жасалған шабуылдың жай-жапсарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"5-6 қаңтарға қараған түні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына қарулы шабуыл басталды. Қоғамдық тәртіпті сақтауға, үш мыңнан астам адамның агрессивті шабуылына тосқауыл қоюға полиция қызметкерлері шықты. Шабуылға шығушылардың көпшілігінде атыс қарулары болды. Ал полиция қызметкерлері тек резеңке оқтар мен жарық-шу гранаталарын қолданды", - деп хабарлады Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, үш қарулы шабуыл мен қызметкерлердің өміріне қауіп төнгеннен кейін ғана полиция атыс қаруын қолдану туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде 20 шабуылшы өлтірілген.