02 нау, 2022 сағат 16:56

Қаңтар оқиғасы: полицияны көлікпен соққан ер адам ұсталды – видео


Ақтөбе қаласында полицейлерді көлікпен соққан ер адам ұсталды. Бұл туралы бас прокуратураның 1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ақтөбе қаласында ұялы телефон бейнежазбасының арқасында азамат И. ағымдағы жылдың 5-ші қаңтарында "ВАЗ 21014" автокөлігін басқарып, облыс әкімдігінің алдында полицейлердің қоршауын үлкен жылдамдықпен соққаны анықталды. Сол кезде 4 полиция қызметкері дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлерін соққан ер адам қамауға алынды.

Бұдан бөлек, Алматыдағы оқиғалар кезінде полицейлердің таяқпен ұрған екі ер адам ұсталды. Олар да қамауда отыр.

Ал "Алпамыс" аңшылық дүкенін тонағандарға қатысты сот үкімі шығарылды.

"Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Б. Онтай және Ө.Жеңісхан "Алпамыс" аңшылық дүкенінен қаруларды ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот аталған адамдарға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп атап көрсетті Қилымжанов.