22 сәу, 2022 сағат 16:06

Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиген балаларға 97 миллион теңге көмек берілді


"Қазақстан халқына" қоры қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдерді аударуды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.

Қорға қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтардың нақтыланған тізімі келіп түскен. 

"Қор қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберді, олардың жазатайым құрбан екенін құзырлы орган растады.

Сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған  2 баланың ата-анасына ақшалай көмек көрсетілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді. Бұл санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 миллион ​​теңге", - делінген хабарламада.

Осыған дейін қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден төленген.