06 сәу, 2022 сағат 14:15

Қаңтар оқиғасы: Қаза болған күш құрылымдары қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі


Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған күш құрылымдарының қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда ол баспанамен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті. 

«Баршасына белгілі, қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде күш құрылымындағы 19 адам қаза болды. Олардың арасында шекара академиясының үш курсанты да бар. Қазіргі кезде нақты шешім бар, яғни 13-іне қатысты шешім қабылданып, баспана берілді. Өңір әкімдерімен қалған алты адамға қатысты мәселені талқыладым. Осы орайда курсанттарға байланысты көтерілген мәселе де назардан тыс қалмады. Сондықтан бұл мәселе 25 сәуірге дейін шешілетін болады», - деді Тоғжанов депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып.