09 там, 2024 сағат 11:08

Қаңтар оқиғасы: экс-министр Ерлан Тұрғымбаевқа шартты жаза тағайындалды


Үкімді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы шығарды. Ол ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдаланды деп айыпталған (ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі).

Бұл іс "ҚҰПИЯ" деген белгімен кінәні мойындау нысанында іс жүргізу келісімімен келіп түсті. Сондықтан оның қаралуы жабық сот отырысында өтті.

Қылмысын мойындап, өкінген Тұрғымбаев сот үкімімен ҚК 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Оған сыбайлас жемқорлық қылмыс белгілерінсіз айып тағылғандықтан, ҚК 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы шешілді.