02 нау, 2022 сағат 16:27

Қаңтар оқиғасы: Алматыда қару-жарақ дүкенін тонағандарға қатысты сот үкімі шықты


Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенін тонап кеткендерге қатысты үкімді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша, Оңтай мен Жеңісхан "Алпамыс" аңшылық дүкенінен қару ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оларды бес жылға бас бостандығынан айырды", - деді Қилымжанов ОКҚ брифингінде. 

Оның айтуынша, лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерден бөлек, тонау, ұрлық, қару-жарақ ұрлау, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану фактілері тексеріліп жатыр.

Осы санаттағы 162 айыпталушыға қатысты 101 қылмыстық іс сотқа жолданған.