Қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлғалар жәбірленуші деп танылды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғаларын тергеу мен елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің қарауында 2729 қылмыстық іс бар, олар бойынша 255 адам күзетпен ұсталуда. Сонымен бірге жасаған әрекетінің ауырлығын, жеке басының мінездемесін еске отырып, соттар 140 адамға қоғамнан алшақтатуға байланысты емес бұлтартпау шараларын тағайындады: үйқамақ - 62, кепіл - 33, ешқайда шықпау туралы қолхат - 45. Бұрын аталғандай қылмыстық істердің негізгі бөлігі келесі қылмыстар бойынша тергелуде: ұрлық - 1 844, қарудың заңсыз айналымы - 343, мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою – 144», - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлғалар жәбірленуші деп танылды.
«12 мыңнан астам адамнан жауап алынған, 2 мыңнан астам әртүрлі сот сараптамалары тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеудің сапасы және оның жедел аяқталуы ерекше назарға алынған», - деді Әділов.