15 ақп, 2021 сағат 13:23

Қаңтар айында бюджетке 490 млрд теңге салық түсті

2021 жылдың қаңтарында мемлекеттік бюджет 490,4 млрд теңге салықтық түсімдермен толықты. Бұл туралы Кірістер комитеті хабарлады.

2021 жылғы қаңтар айындағы мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер жоспары 104,9%-ға, оның ішінде республикалық бюджет 88,0%-ға және жергілікті бюджет 137,0%-ға орындалды. 

Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдер 490,4 млрд теңгені құрады, 2020 жылға қарағанда 5,8%-ға (немесе 30,5 млрд.теңгеге) төмен. Оның ішінде республикалық бюджет 14,6%-ға (немесе 46,1 млрд.теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет 7,6%-ға (немесе 15,6 млрд. теңгеге) өсті.

Республикалық салықтар бөлігінде республикалық бюджет жоспары орындалмауының ең көп сомасы ішкі өндіріс тауарларына қосылған құн салығы бойынша – 22,5 млрд. теңге, корпоративті табыс салығы - 14,2 млрд. теңге (90,5%)және үшінші елдерден импортқа қосылған құн салығы - 6,6 млрд. теңге (86,8%).

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеудің ең жоғарғы сомасы мұнайға салынатын кедендік әкету бажына (7,5%-ға) тиесілі.

Кірістердің төмендеуіне мынадай факторлар әсер етті.

2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мұнай бағасының 13,6%-ғатөмендеуі байқалады.

Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылдың қаңтарында 22,2%-ға төмендеді (экспорт 31,0% - ға төмендеді, импорт 1,2% - ға өсті).

2021 жылғы қаңтарда сату бойынша айналым 2020 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға (6 415 млрд.теңгеден 5 529 млрд.теңгеден дейінтөмендеді.

Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналарынан орташа түсімі 5,0%-ға (3,8 млн.теңгеден 3,6 млн. теңгеге дейін) төмендеді.

2021 жылғы қаңтар айында жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдер жоспары 59,8 млрд.теңгеге артық орындалып, 137,0%-ды құрайды.

Жергілікті бюджетке салықтық түсімдер 221,5 млрд. теңгені құрады, 2020 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 7,6%-ға (немесе 15,6 млрд.теңгеге) өсті.