Қант импортына нөлдік баж қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезектен тыс отырысында Ақ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына арналған квотаны 31 қазанға дейін ұзарту туралы ұсынысы мақұлданды.
"Бұл шара ішкі нарыққа импортталатын қантты жеткізу құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазір біз бірқатар елдермен қанттың үлкен көлемін жеткізу туралы келісім сөздер жүргізіп жатырмыз. Ал қарашаға қарай қазақстандық зауыттардан да, ЕАЭО елдерінен де жаңа дақылға қызылша қантын жеткізу басталады", - деп түсіндірді Сұлтанов.
Сонымен қатар, Қазақстан АҚ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына квота көлемін ұлғайту туралы келісім сөздер жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның квотасы 2022 жылғы тамызға дейін нөлдік импорттық кеден бажымен 350 мың тонна ақ қант пен шикі құрғақ қантын құрайды.