Білім берудің, денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен сапасы, рухани даму, спортпен шұғылдануға жағдай жасау мәселелерін шешу үшін «AMANAT» партиясы кадрлар тапшылығы мен мамандарды даярлау сапасы мен объектілердің қолжетімділігін, оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру мәселелерін шешетін болады.
Бүгін «AMANAT» партиясы атынан депутаттыққа кандидаттар Сағатбек Қуанышбайұлы, Нұрбол Аппазов, Алмас Рахметов, Нұркен Бақытбекұлы С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі оқытушыларымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламсын таныстырып өтті.
Колледж оқытушыларымен өткен кездесуде кандидаттар білім беру саласы жайлы кеңінен талқылап, тақырып төңірегінде ой бөлісті. Сондай-ақ халықтың ұсыныс пікірлері «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында топтастырылғанын атап өтті.
«Сапалы білім беру партиямыздың басты бағыты саналады. Бүгінгі күні облыс бойынша 5 апатты және 6 үш ауысымды оқу қауіпі бар мектептер жұмыс жасайды. Біздің міндетіміз – балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамту, білім беру ұйымдарында оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасау. Ол үшін біз бейнебақылаумен қамтамасыз етілген күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесін 100% жеткізуге қаражат қарастырамыз», - деді үміктер Нұрбол Аппазов.
«Алдағы 5 жылда жастарды колледждерде сұранысқа ие мамандықта бойынша тегін оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 17 білім беру ұйымдарының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге қаражат қарастыру көзделуде. Нәтижесінде апаттық және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешіледі, 2027 жылға дейін 2 жастан 6 жасқа дейін балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқыту 100%-ды құрайды», - деді партияласының сөзін жалғай кеткен Нұркен Бақытбекұлы.
«Азаматтардың нақты табысын арттыру, еңбек жағдайы мен жұмыс орнындағы қауіпсіздікті күшейту бағытында партия барлық әлеуетін қосатын болады. Сондықтан қашан да халықпен бірге болатын «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер», – деді кандидат Сағатбек Қуанышбайұлы.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы cайлау қорының қаражатынан төленді