Мемлекеттік кірістер комитеті қандай кәсіпкерлік субъектілері электронды шот-фактураны жазып беруден босатылтынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Электронды шот-фактура (ЭШФ) жазып беру бойынша міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитімен Пилоттық жоба іске қосылды. Оған сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін с алық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ЭШФ жазып беруден босату қарастырылған» - деп хабарлады МКК-де.
Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 бұйрығымен белгіленген.
ЭШФ жазып беру міндетінен:
1) құны 1000 еселенген АЕК мөлшерінен (2,9 млн теңге) асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша кәсіпкерлік субъектілері;
2) сатып алынған тауарды түпкілікті тұтыну мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде кәсіпкерлік субъектілері;
3) жеке және заңды тұлғаларға тауарларды өткізу кезінде ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын - микрокәсіпкерлік субъектілері шот-фактура жазып беруден босатылады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактура жазып беруді талап еткен жағдайда, жеткізуші осындай талапты орындауға міндетті екендігін ескеру қажет.
Пилоттық жобаның қатысушылары болып жоғарыда көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келетін салық төлеушілер танылады.