Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы ресми сайтында 2018 жылдың шілдесіне арналған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаңа рейтинг тізімінде алғашқы орта салмақта аймақтық WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белбеулеріне ие қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жоқ. Бұған дейін қазақстандық боксшы өз салмағында оныншы болатын. Осыдан кейін ТОП-15 тізімінен шығып кеткен боксшыны WBA өз рейтінгіне кіргізбеді.
Алайда жыл басында Ислам өз салмағында WBA рейтингінде көш бастап тұрған және ұйымның чемпиондығына міндетті қарсылас атану үшін жекпе-жек өткізуге мүмкіндігі болған. Алайда боксшы бұдан бас тартты.
Мұның алдында Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) және Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) де Қанат Исламды рейтингтерінен шығарып тастаған.
33 жастағы боксшы соңғы рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасқан. Астанада өткен жекпе-жекте ол канадалық Брэндон Кукты (20-1, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсірген. Қанат Ислам 23 маусымда Лос-Анджелесте жұдырықтасу керек болатын, алайда, жарақат салдарынан жекпе-жек өтпей қалды.
Ақпанда қазақстандық боксшы The Ring журналының тұжырымы бойынша 2017 жылдың үздік менеджері Эгис Климаспен келісімшарт жасасқан. Өз кезегінде ол бір-екі жекпе-жектен кейін қазақстандық чемпиоондық белбеу үшін жұдырықтасатынына уәде берді.
04 қыр, 2018 сағат 07:44