04 қыр, 2023 сағат 13:26

Қанат Бозымбаев Президенттің кеңесшісі болды

Фото: gov.kz

Қанат Бозымбаев президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды" - делінген хабарламада.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматы қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының "Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау" факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы "Эдем ЛТД" ЖШС-де экономист болып бастады.

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі болды.

1998 – 2000 жылдар аралығында Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2000 жылы – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

2001 жылы "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті, 2001-2007 жылдары "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының президенті;

2007 – 2008 жылдар аралығында "Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ басқарма төрағасы;

2008 – 2009 жылдар аралығында "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы;

2009 – 2013 жылдар аралығында – Жамбыл облысының әкімі;

2013 – 2016 жылдар аралығында – Павлодар облысының әкімі;

2016 – 2019 жылдар аралығында – энергетика министрі;

2019 жылы желтоқсаннан 2021 жылғы қарашаға дейін – президент көмекшісі;

2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін – Алматы облысының әкімі болды.