14 сәу, 2023 сағат 21:25

Каналдан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдікпен оқушы қамауға алынды

Фото: Polisia.kz Telegram-арнасы

Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдікпен 11 сынып оқушысын ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынған.

"Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 

Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында" - дейді адам өлтіруді тергеу бөлімінің бастығы Нұрым Агманов.