Фото:instagram.com/kair_n
Әлеуметтік желілерде танымал қазақстандық әншінің қан-жоса суреті тарап жатыр. Бұл Қайрат Нұртас соққы астында қалды деген фейк ақпараттың суреті. Бүгін, 3 сәуірде Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі полиция көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша тексеру бастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" баслымымына сілтеме жасап.
"Тексеру аясында осы ақпаратты таратқан адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін қажетті іздестіру шаралары ұйымдастырылады", - деді баспасөз қызметіндегілер.