Фото: pixabay.com
Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйелді анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
"Күдікті Kyzdar.net сайты арқылы қыздардың қызметін Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ұсынып, оларды жезөкшелікке тартқан. Әйел мұндай әрекеттері үшін сыйақы алып отырған.
Қазір бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 134-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша соталды тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін интим қызметті жарнамалаған Kyzdar.Net сайтының парақшасын жүргізгендер ұсталғаны хабарланған болатын.