«Қаламқас» кен орнындағы өрттің ошағы сөндірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбекке сілтеме жасап.
«28 наурызда 01:05-те «Қаламқас» кен орнында №8237 ұңғыма жанындағы грифоннан шыққан өрт сөндірілді», - деп хабарлады ол.
Қазіргі таңда газ-су қоспасы атқылап тұрған жоқ және грифондар жабылды.
Еске салайық, 13 наурызда Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылады. Ал 25 наурыз күні сағат 07:10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне «Қаламқас» кен орнындағы ұңғымадан шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы хабарланды.