10 қаз, 2019 сағат 13:16

«Қала, аудан және облыс мекеме атауларын латын әліпбиінде таңбалау» онлайн семинары өтпек

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қала, аудан және облыс мекеме атауларын латын әліпбиінде таңбалау» республикалық онлайн семинары өткізіледі.

Орфографиялық топ мүшелері тарапынан әзірленген «Қала, облыс, аудан мекеме атауларының анықтамалығы (Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы, Қарасай ауданы бойынша) ғалымдар талқысына ұсынылып, сараптамадан өткізіледі, сын-ескертпелер авторларға ұсынылады. 

Онлайн семинар барысында еліміздің визуалды кеңістігінің ұлттық мүддеге сәйкестігі, сауаттылығы, тілдік кеңістіктегі эргонимдердің бірізді жүйемен берілуі сөз болады.

Семинарға «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е.Тілешов, орталықтың ғалым хатшысы А.Фазылжанова, орфография басқармасының басшысы Г.Мамырбек, ғалымдар Ш. Құрманбайұлы, Ә. Қасымова, Ж.Жақанова, С.Сәменова, сондай-ақ «Тіл-Қазына» орталығының қызметкерлері, сараптаушы ғалымдар және өңірлердегі тіл орталықтарының басшылары мен мамандары қатысады.

Өтетін күні, уақыты: 2019 жыл, 11 қазан. сағат 11.00.

 

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7а

Веб-сайт: www.tilalemi.kz,

www.qazlatyn.kz,

www.tilqazyna.kz