«Жасыл даму» осы уақытқа дейін артық төленген утильалымды қайтаруға өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жасыл даму» АҚ recycle.kz. ресми сайтында техникалық жұмыстардың аяқталғанын хабарлайды. Айта кету керек, «кәдеге жарату төлемі» бөлімінде уақытша техникалық жұмыстар жүргізілгендіктен, утилизациялық төлем жасаушылар үшін «жеке кабинетіне» кіріп, өтінім қалдыру мүмкін болмаған.
Жеке кабинетке кіру 25 мамырдан бастап штатты режимде жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, 14 мамырдан кейін (қоса алғанда) утилизациялық алымды ескі мөлшерлемелер бойынша төлеген жеке және заңды тұлғалар артық төленген сомасын қайтарып ала алады. Ол үшін «E-otinish» электрондық платформасында электронды цифрлық қолтаңба арқылы өтініш берулері қажет. Өтініште төлем тапсырмасын қоса бере отырып, қайтаруды жүзеге асыру үшін өтінімнің нөмірін, шоттың деректемелерін көрсетуі керек" - делінген ақпаратта.