04 мам, 2021 сағат 13:36

JUBAN MOLDAǴALIEV. 100 JYL коллекциялық монетасы сатылымға шығады


Қазақстан Ұлттық Банкі 2021 жылдың 5 мамырынан бастап«Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL және Қазақстанның флорасы мен фаунасы монеталар сериясынан TORAŃǴY коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлайды.

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс.

JUBAN MOLDAGALIEV.100 JYL коллекциялық монеталары туралы 

Монетаның орталық бөлігіндегі аверсінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында – ұлттық ою-өрнек элементтері көрініс тапқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу бар. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуын оқуға болады. 

Монетаның реверсінде Жұбан Молдағалиевтің портреттік бейнесі орналастырылған. Сол жақта мерейтойлық датасы мен соғылған жылын білдіретін «100 JYL», «2020» деген таңбалар бар. Монетаның жоғарғы бөлігінен «JUBAN MOLDAǴALIEV» деген жазуды көресіз. 

Мельхиордан жасалған номиналы 100 теңгелік монеталардың бейнесі 

Техникалық өлшемдері:

Монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 
33 мм, дайындау сапасы «brilliant uncirculated», номиналы 100 теңгелік, таралымы – 
7 000 дана.

Монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. 

TORAŃǴY коллекциялық монеталары туралы 

TORAŃǴY (Тораңғы) – түрлі жапырақты терек. Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Әр түрлі халықтардың қасиетті саналатын құрметті ағашы болады. Олардың әрқайсысына тән өз аңызы бар. Жапондарда ол – сакура, еуропалықтарда – емен, үнділерде – секвоя, африкалықтарда – баобаб. Ежелгі көшпелілерде табынған және қасиетті деп санаған осындай ағаш – тораңғы болған. 

Мельхиордан жасалған номиналы 200 теңгелік монеталардың бейнесі

Мельхиордан жасалған номиналы 100 теңгелік монеталардың бейнесі

Нейзильберден жасалған номиналы 100 теңгелік монеталардың бейнесі


Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік TORAŃǴY монеталарының сипаттамасы:

Монетаның бет жағында (аверсінде) оң бөлігінде жануарлар мен өсімдіктерден жасалған коллажды айналдыра Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол жағында Ұлттық Банк тауар белгісінің бейнесі (логотипі) мен дайындау сапасы «рrооf-like» мельхиор қоспасынан жасалған монетаның номиналын білдіретін «200 TEŃGE» және дайындау сапасы «brilliant uncirculated» нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «100 TEŃGE» деген жазу бар. Монета жиегінде «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп айналдыра жазылған жазу бар. 

Сыртқы жағында (реверсінде) шөлді құмның аясында Тораңғы терегінің бейнесі (сапасы «рrоof-like» мельхиор қоспасынан жасалған монетада алтын жалату технологиясын қолдана отырып орындалған), жоғарғы оң жақ бөлігінде «TORAŃǴY» және «POPULUS DIVERSIFOLIA» (түрдің латынша атауы) деген жазулар бар.

Мельхиор мен нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың аверс пен реверс бейнелері бірдей. 

Монеталардың сипаттамасы:

- МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған номиналы 200 теңгелік монетаның салмағы 
15 грамм, диаметрі 33 мм, алтын жалатылған, сапасы «рrооf-like», таралымы 7 000 (жеті мың) дана;

- МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның салмағы 
15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы «brilliant uncirculated», таралымы 10 000 (он мың) дана;

- МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның салмағы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, сапасы «uncirculated», таралымы 100 000 (жүз мың) дана.

Номиналы 200 және 100 теңгелік коллекциялық монеталар олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Дайындау сапасы «proof-like» мельхиор қоспасынан жасалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады. Дайындау сапасы «brilliant uncirculated» мельхиор қоспасынан жасалған монеталар арнайы полиграфиялық орамда шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.