Jýsan Bank пен АТФ банк акционері Ғ.Есенов Jýsan Bank-тің АТФ банк акциясының 99,76 пайызын сатып алуы туралы алдын ала келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қол қойылған келісім аясында 2020 жылдың қарашасында тараптар АТФ банк акцияларын сатып алу-сату келісімшартын жасасуға ниетті.
«Сатып алу-сату келісімшартына қол қойылған соң, сонымен қатар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдағаннан кейін, АТФ банктің қазіргі акционері Jýsan Bank-тің қосымша эмиссиясы аясында Jýsan Bank акциясының бір бөлігін сатып алады.
Сатып алу-сату келісімшарты жасалғаннан кейін екі банк бірыңғай стратегиясы аясында бірлескен форматта жұмыс істейтін болады.
Қайта құрылымдау барысында АТФ банктің барлық қызметтері стандартты режимде жұмысын жалғастырады. Бұл АТФ банктің қолданыстағы барлық қызметтерін оның клиенттерінің толық көлемде алуын сақтауға және қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Jýsan Bank-тің баспасөз қызметінен.